RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр

13.03.2025, 21:40 923

Маңғыстау облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр. «Оймаша» полигонындағы шараға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері жұмылдырылған.

Үш кезеңдік оқу-жаттығу кезінде қатысушыларға қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі көрсетіледі. Мұнымен қоса жауынгерлік жағдайға келтірілген іс-әрекет қарастырылады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскер әлеуетін күшейту және олардың күрделі жағдайда жедел үйлесімді әрекет етуін жетілдіру. Дәстүрлі шара 15 наурызға дейін жалғасады. 

Мереке Көшекбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерінің бас қолбасшысы: 

- Аталған жаттығу 3 кезеңнен тұрады. Бірінші әскерлерді дабылы бойынша көтеру. Көрсетілген аумаққа әскери техникамен жорық жасау. Үшінші әскери операциясын ұйымдастыру болып табылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz