Қарағанды облысының Талды ауылында құрылысы 3 жыл бұрын басталған мектеп биыл қолданысқа беріледі, деп хабарлайды 24kz.
200 орындық ғимараттың төбесі жабылып, терезелері орнатылып, ішкі әрлеу жұмысы басталды. 3 жыл бұрын техникалық қадағалау мекемесі нысанның іргетасы сапасыз екенін анықтап, құрылысты тоқтатқан еді. Мердігерге кемшілікті жою міндеттелген болатын. Ауыл тұрғындары мектептің ашылуын асыға күтіп жүр. Өйткені ауылдағы білім ордасы апатты жағдайда тұр. Құрылысқа жауаптылар биыл балалар жайлы мектепке барады деп уәде берді.
Ермек Кенжебаев, мердігер ұйымның өкілі:
- Материалдар толығымен уақытылы келіп жатыр. Жұмыс кестесіне сай жүріп жатыр. Енді жұмыс кестесіне сай бұл мектеп 20 тамызда бітуі тиіс. Қазіргі таңда, міне, бітіп жатқан жұмыс іргетасы қаланып жатыр. 95%-ы бітіп тұр. Осы апталарда бітеді, мына плиталарын жабамыз. Одан кейін, өздеріңіз көріп тұрғандай, төбесін жасап жатырмыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz