RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында кәсіпорындар мен колледждер арасында меморандум жасалды

14.03.2025, 10:46 563

Жетісу облысындағы іргелі кәсіпорындар мен 10 колледж арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды, деп хабарлайды 24kz.

Құжатқа сәйкес өндіріс орындары кәсіптік білім беретін мекеме түлектерін тұрақты жұмысқа кедергісіз қабылдайды. Меморандумға «Жұмысшы мамандықтары: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форумда қол қойылды. Алқалы жиында кадр даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды. «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Сонымен қатар 50 студентке жұмыс орнына жолдама берілді.

Темірболат Қами, студент:

- Талдықорған индустриалды колледжінде оқимын. Автокран мамандығында. Біз практикада «Энерго РМ-да» өткіздік. 16 тонналық кранды басқарамыз. Енді сол фирмада қалып жұмыс істейтін болдым.

Әли Солтанбекұлы, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Талдықорған Жоғарғы политехникалық колледжінің базасында Жетісу Skills құзыреттілік орталық салынады. Ол жерде 12 саланы қамтитын үлкен тәжірбие алаңы болмақ. Биылғы жылы құрылысы басталып келесі жылы аяқталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz