RU
Толық нұсқаға өту

Шымкент жұрты Амал мерекесін қарсы алды

14.03.2025, 15:45 609

Бүгін Шымкент қаласының тұрғындары Наурыз алаңына жиналып, Амал мерекесін – Көрісу күнін атап өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ұлттық нақыштағы киім киген ақылгөй ақсақалдар мен қазыналы қариялар, өнерпаздар мен қала тұрғындары бір-бірімен құшақ жайып, көрісіп, амандық-саулық сұрасты. Олар бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл ата дәстүр елді бірлікке, ынтымақ пен татулыққа бастайтын мереке екенін тағы бір мәрте айшықтады. Көрісу күні – араздасқандарды татуластырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Осы дәстүрді қайта жаңғырту арқылы қала тұрғындары жас буынға өнеге көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Осылайша, мегаполис тұрғындары көктемнің шуақты күнінде көтеріңкі көңіл-күймен мерекені қарсы алды. Көрісу рәсімі тек басты алаңда ғана емес, халық көп жиналатын ойын-сауық орталықтарында, вокзал мен әуежайда да жалғасын тапты.

Гүлмира Алпысбаева, қала тұрғыны:

- Осынау Амал мерекесі әр қазақты, әрбір қазақстандықты бір-бірімен көрісіп, қыстан аман-есен шыққанын, мал-жан аман екенін, жаңа жылға жаңа үмітпен қарап, тек жақсылық, қуаныш тілейді.

Еркебұлан Есқалиев, қала тұрғыны:

- Көрісу күнімен барша қазақстандықтарды, шымкенттіктерді, барша қонақтарды Амал мерекесімен құттықтаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz