RU
Толық нұсқаға өту

15 наурыз – Қайырымдылық күні

15.03.2025, 09:15 2075

15 наурыз – Қайырымдылық күні. Елде Наурызнама онкүндігін тойлау аясында әр күннің өзіндік атауы бар. Жалпыұлттық мереке қазақ халқының мәдениеті мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарды дәріптейді.

15 наурыз қайырымдылыққа арналады. Ел бойынша түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылады. Белсенділер мен волонтерлер қарттар үйі мен көпбалалы отбасыларды құттықтап, дағдарыс орталықтарын аралайды. Қайырымдылық – ежелден көшпенді халықтың қанында бар қасиет. Ол қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге, әлсіз топтарды қолдауға бағытталған маңызды әрекет. Тек материалдық емес, адамгершілік, рухани құндылықтарды қамтитын игі істердің бастамасы саналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz