RU
Толық нұсқаға өту
gov.kz

Шымкенттен Сеул қаласына жаңа әуе бағыты ашылады

15.03.2025, 11:40 813

Биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Билеттер сатылып жатыр. Рейстер аптасына екі рет – Шымкенттен дүйсенбі және бейсенбі күндері, Сеулден – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Жаңа рейс Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ыңғайлы әуе қатынасын қамтамасыз етеді.

Билеттерді scat.kz сайтында, SCAT мобильді қосымшасы арқылы немесе қаладағы кез келген қолжетімді ресурстар мен кассаларда брондауға болады. Онлайн тіркелу ұшудан 24 сағат бұрын қолжетімді.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz