Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды 24KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сенсек, күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырып, салымшыларға қаражатының 20-40%-ын ай сайын беріп отыруға уәде берген.
Алайда төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан берілген. Қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам адам ақша салған. Күдіктілер жиналған қаражатқа пәтер мен көліктер алыпты. Тәркіленген қолма-қол ақша да қыруар. Қазір олар қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген. Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Заңға сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Тегтер #Шымкент #қаржы пирамидасы #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz