RU
Толық нұсқаға өту

Мопедтерді тіркеу жалғасып жатыр

19.03.2025, 14:05 851

Елде мопедтерді тіркеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Яғни А1, А, және Б санатындағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар көлігін техникалық байқаудан өткізіп, заңдастыруға міндетті. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мопедті толық тексерістен өкізу қажет. Егер 5 сәуірге дейін тіркеп үлгермесе көшеде жүруге тыйым салынады.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін 2 аптадай уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының  2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделген. Қазір республика бойынша 8527 мопед тіркелді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz