Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістандықтар қуанышқа кенелді.
«Жібек жолы» тұрғын үй кешені аумағында 5 қабатты 4 үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлердің кілті баспана кезегінде тұрған 348 отбасына табыс етілді. Оның ішінде, 168 пәтер көпбалалы отбасыға, 180 баспана әлеуметтік әлсіз топ санатына жататын азаматтарға табысталды. Сондай-ақ мүгедектігі бар және жетім балалар да үйлі болды. Аймақ басшысы тұрғындармен бірге жаңа пәтерлерді аралап, қоныс тойын тойлап жатқан азаматтардың қуанышымен бөлісті. Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Салтанат Бектенбаева да бар. Тұрғын үй кезегін үнемі егов электрондық порталы арқылы бақылап отырғанын айтады. Бүгінде баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ.
Салтанат Бектенбаева қала тұрғыны:
- 2016 жылы үй кезегіне тұрдық, ерекше баланы асыраушы ретінде. Бүгін міне 9 жылдан кейін үйіміздің кезегі келіп, пәтеріміздің кілтін алып отырмыз. Өте қуаныштымыз, рахмет.
Талғат Байжанұлы, қала әкімінің орынбасары:
- Биылғы жылдың соңына дейін Түркістан қаласы бойынша 944 пәтерді кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарланған, ол 11 тұрғын үй. Одан бөлек 29 үйден тұратын 2078 пәтер ипатекалық үй беріледі. Барлығы тұрғын үй кезегінде азаматтарға беріледі.
Тегтер #Түркістан #Наурыз мерекесі #отбасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz