RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде су тасқынына дайындық шаралары күшейтілді

23.03.2025, 19:15 787

Су тасқынына дайындық.

Мамандар көктемгі тасқынның алдын алу үшін Қостанай, Қарағанды облыстарында аэровизуалдық зерттеулер жүргізіп, өзен арналары мен су қоймаларының жағдайын бақылауға алды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері қар тазалап, су өткізу арналары мен арықтарды ашу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда Алтай қаласында, Зубовск кентінде және Тұрғысын ауылында 9 су өткізу құрылыстары мен 2 мың метрден астам арықтар тазартылды. Гидрологиялық жағдай маусымдық нормаға сай болғанымен, мамандар бақылауды күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолға алған. Тұрғындарға да қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде. Жергілікті атқарушы органдар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz