Шекаралық аудандарға арнайы мәртебе беру қажет. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осылай деп Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды 24kz.
Депутат Қазақстанның шекара маңындағы аудандарын дамыту үшін арнайы заң қабылдауды ұсынды. Айтуынша, шекаралық аймақтарды қолдау шаралары бірнеше құжатта шашыраңқы күйде. Салдарынан ондағы тұрғын арнайы жеңілдіктерден қағылып отыр. Қазір еліміздің 14 облысы көршілес 5 елмен шектеседі. Бұл аймақтарда 65 аудан болса, онда 3,5 миллионға жуық адам мекендейді. Ал шекарадан 50 шақырым қашықтықта тағы екі миллионға жуық адам тұрады. Алайда, бұл жерлердің инфрақұрылымы тозып, жұмыссыздық жайлаған. Халық саны күрт азайды. «Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін аталған аудан тұрғындарын мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге келтіру қажет», - деді.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекет басшысының бастамасымен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Қатонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай, Мақаншы аудандары қайта құрылды. Президенттің тапсырмасына сәйкес осы кезге дейін дайндалған өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен бағдарламалар да шекаралық аумақтарға қолдау көрсету шаралары қамтылған. Дегенмен, осы құжаттарда қарастырылған осы бағдарламаларда қарастырылған жеңілдіктер іс жүзінде толық орындалмай отыр.
Тегтер #Ерлан Саиров #мәртебе #жеңілдіктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz