Елімізде жасанды интеллектті қолдану аясы кеңейіп келеді.
Қазіргі таңда білім, ғылым, экономика, салық сынды бірнеше сала жаңа жүйенің оңтайлығын көре бастады. Цифрлық трансформацияны ұтымды пайдаланып, одан әрі дамытуды президент құрылтайдағы кеңесте де атап өткен. Құзырлы мемлекеттік органдар сарапшылармен және ІТ-мамандармен бірлесіп жұмыс істеп, барлық саланың ашықтығын қамтамасыз етудің жолдарын қарастыру керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай болуымыз үшін қандай шаралар қолға алынды? Қазір әлем елдері арасында технологиялық бәсекелестік ерекше қарқын алды. Біздегі жағдай қалай? Цифрлық дәуірдің көшіне ілестік пе?
- Қазіргі таңда экономиканың барлық саласы мен еңбек нарығы жасанды интеллектінің тікелей қатысуымен түбегейлі өзгерді. Нәтижесінде адамзат тіршілігінің мәні мен қалыбы да басқаша сипат алғандай. Инновациялар экономикасы деген жаңа құбылыс пайда болғанын президенттің өзі оң бағалағаны белгілі. Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жанашылдықты тиімді пайдалану керектігін еске салғаны мәлім. Технологиялық төңкерістің бастауы болған бастамаға қатысты төменгі палатада арнайы заң жобасын әзірленіп жатыр.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жасанды интеллектінің дамуына мемлекет басшысы ерекше көңіл бөліп отыр. Бастама бойынша бірнеше тапсырма берді. Әзірленіп жатқан заң жобасы жасанды интеллект саласындағы реттеудің, ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздеріне бағытталған. Тәуекелдердің деңгейі бойынша жүйелерді жіктеу енгізіліп, дербес деректерді қорғау күшейтіледі. Бұл жерде азаматтар алаңдаушылық білдірген жеке деректерді қорғауға екпін қойылып отыр. Адамдарды әлеуметтік, биометриялық және мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай бағалау үшін ЖИ қолдануға қатаң шектеу енгізу қарастырылған.
Жасанды интеллектті тиімді пайдалана алсақ, ұтымдылығы көп көрінеді. Мәселен, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін барынша арттыруға, салық және кеден ісін жүргізудің сапасын жақсартуға, мемлекеттік сатып алу саласын жеңілдетуге мүмкіндік бермек. Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегіне сүйенсек, ЖИ әлемде 90 млн жұмыс орнын алмастырады деген болжам бар. Әрине бұл еңбек нарығына тікелей әсер етеді деген сөз. Бұл ретте кадр даярлау және адам капиталын дамыту негізінде Қазақстан 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқытуды жоспарланған.
Қаныш Төлеушин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі:
- Қазіргі таңда цифрландыру деңгейі жоғары деп айтсақ болады. Әсіресе, көлік саласында, қаржы саласын алатын болсақ олардың бізбен бірге жұмыс істейтін әріптестердің деңгейі өте жоғары. Сондықтан біз осы 5 жылдың ішінде осындай жоспар қойдық. 1 млнға жуық маман даярлау ЖИ пәндері бойынша. Оның ішінде 500 мыңы мектеп оқушылары, 300 мың студенттер.
Қазір экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Нарықтың барлық саласына сандық технологиялардың енгізілуі еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын ең басты фактор. Цифрлық трансформацияның табысты жетістіктерін атап кетсем. Қарапайым бір мысал, бұрын көлік ресімдеу бірнеше сағатты алып, одан қалды кепілдік төлемдерінде біраз кідірістерге әкелетін. Қазіргі таңда бұл процесс арнайы қосымша арқылы жылдам әрі жеңілдеді. Тағы бір мүмкіндік медициналық анықтамалар толығымен электронды форматқа көшіріліп, цифрлық қызметтер арқылы азаматтарға қолжетімді. Тізбектей берсек оңтайлы тұстары көп. Десе де, басты мүдде жасанды интеллектінің әлеуетін тиімді пайдалану. Саладағы ашықтық пен қауіпсіздікті қаперден шығармаған жөн.
Тегтер #жасанды интеллект #міндет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz