RU
Толық нұсқаға өту

Қазалыда «Қарлан» көпірінің құрылысы тоқтап тұр

27.03.2025, 08:20 731

Қазалыда Сырдария өзенінің өтетін көпір құрылысы биыл аяқталуға тиіс. Жергілікті билік осындай уәде беріп отыр. Бастапқы жоба бойынша өткел ендігі жұмыс істеп тұруға тиіс еді. Бірақ мердігердің кінәсінен жұмыс кешіккен. Дегенмен жауапты тұлғалар құрылысты көпке созбай қайта жандандырмақ.

Дарияның арғы бетінде 10-нан астам ауыл бар. Бұл елді мекендерде 15 мыңдай халық тұрады. Тұрғындар аудан орталығына төте шығу үшін осы қалқымалы көпірмен өтеді. «Бірақ күз, көктем айларында бұл жердегі қатынас үзіледі», – дейді олар. Мұндай көрініске біз де тап болдық.  

Мына мен тұрған жерде қалқымалы көпір болған, ал қазір оның орнында мынадай үлкен мұз жатыр. Қазір дариямен сең жүріп жатыр, сондықтан өткелді жиекке шығарып қойған. Мамандардың айтуынша, енді арғы беттегі тұрғындар 60 шақырым жердегі айналма жолмен қатынайтын болады.

Қазір қалқымалы көпір қайта орнатылды. Қарлан ауылының тұрғыны Сағымбай Керекеевтің айтуынша, бұл жерге понтон 1960 жылдары қойылған. Оған дейін тұрғындар қайық пен паромды пайдаланған. Ал үш жыл бұрын құрылысы басталған темірбетон көпірінің бүгінде тек бірнеше тіреуіші ғана тұр. Нысан басында қыбырлаған жан байқалмайды.

Сағымбай Керекеев, Қарлан ауылының тұрғыны:

- Ажар, Кәукей, Бозкөл, Қожабақы, Бірлік, Өркендеу, Тасарық, Лақалы, Аранды деген ауылдар бар. Бірталай ел бар. Ол жақта тұрғындар отыр ғой енді, халық көнеді ғой, неге көнбей жатқан халық. Осыған үміт артып отыр, енді 1-2 жылда бітсе дейді осы көпір.

Мамандардың айтуынша, көпір құрылысының тек 20%-і аяқталған. Мердігер мекеме міндетін тиісті талапқа сай орындамағандықтан, келісімшарт сот шешімімен бұзылған.   

Жәнібек Сыздықов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Биыл 2025 жылы қайтадан конкурстық жұмыстар өткізілді. Мердігер мекеме анықталды. 2025 жылдың алдағы сәуір айында құрылыс жұмысын толық бастау күтіліп отыр. 2025 жылдың аяғына дейін көпірді береміз деп күтіп отырмыз. 

Жоба бойынша екі жолақты автокөлік көпірінің ұзындығы 248, ені 9 метр болады. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Ақан Әлиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz