RU
Толық нұсқаға өту

Жеңістің 80 жылдығы: Қорғаныс министрі парадқа дайындықты тексерді

28.03.2025, 22:00 608

Қорғаныс министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындықты тексерді, деп хабарлайды 24KZ. Руслан Жақсылықов мерекелік шараға қатысатын әскери қызметшілер мен техникалар орналасқан лагерьлерді аралады.

Әскери бөлім аумағында 5000 адамға арналған шатырлы қалашық орналастырылды. Биыл шеруге 24 топ атсалысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қыз-келіншектер. Әуе шеруіне 66 ұшу аппараты қатысады.

Мереке Көшекбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор:

- Қорғаныс министрі далалық лагерьдің инфрақұрылымын, әскери техниканың дайындығын тексерді. Тексеріс барысында Қорғаныс министрі қауіпсіздік шараларын дұрыс сақталуын және шеруге сапалы дайындалуды тапсырды.

Талғат Құлманов, подполковник, 68665 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

- Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадка қатысушылар үшін біз лагерьлік жиында жылжымалы ақпараттық кешенді құрастырдық. Бұл кешенде кешкі уақыттарда және демалыс алды демалыс күндері жеке құрамға, парадқа қатысушыларға кино және басқа да қызықты іс-шаралар көрсетіледі. Негізгі мақсат – жеке құрамның демалыс алды және демалыс күндерін қызықты өткізу. Сонымен қатар Қазақстанда болып жатқан түрлі спорттық шаралар және де өз уақытында болып жатқан ақпараттарды жылдам жеткізу. Бұл жылжымалы кешен 200 адамға арналған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz