RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында жер сілкінісінен зақым келген нысандар тексеріліп жатыр

29.03.2025, 19:00 587

Жамбыл облысындағы зілзаладан келген зиян көлемі ай соңына дейін толық анықталады.  

Содан кейін ғана шығындар есептеледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі мәлімдеді. Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, әзірге екі аудандағы 28 нысанға залал келгені белгілі. Оның тең жартысы әлеуметтік мекемелер.

Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Бір поликлиника бар. Бір балабақшасы бар. Тағы да басқа объекттер бар. Оларды қазіргі комиссия құрылған. Осы біздің тобымызда да комиссия мүшелері бар. Олар бүгін кешке дейін, ертең де комиссия қарайды. Қандай шешім қабылдайды комиссия жұмысы біткен соң толық айта аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz