RU
Толық нұсқаға өту

Сергеев және Петропавл су тораптары жөнделді

31.03.2025, 13:26 884

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су тораптары жөнделді.

Биыл қаңтар айында Сергеев гидроқұрылысы бөгетінің маңындағы төменгі бьефтің түбі тереңдетілді. Мұнымен қоса 940 текше метр топырақ қоспасы алынып тасталды. Күн жылығаннан бастап қос гидротехникалық нысанның жағдайы тәулік бойы қадағалауда. Арнайы кезекшілік қойылып, әр екі сағат сайын су қоймасының жұмысы жайында ақпарат беріліп отыр. Сергеев су қоймасына су тасқыны басталғаннан бері 338,7 млн текше метр су келіп, 222,9 млн текше метр су жіберілген. Ал Петропавл су қоймасына 45,2 млн текше метр су жиналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz