RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

31.03.2025, 21:37 620

Алдағы 4 жылда елде 42 жаңа су қоймасы салынады. Қазіргі қолданыстағы 37 нысан толық жаңғыртудан өтпек. Олар бірінші кезекте тасқын суды жинақтап, тиімді жаратуға бағытталады.

Қоймалар өзен арналарын реттеу арқылы тасқын салдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Су шаруашылығы саласын дамытуға арналған жұмыстар 2024-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров хабарлады. Ақпарынша, бүгінде республикадағы гидротехникалық нысан саны 405-ке жуықтаған. Мұнда шамамен 80 млрд текше метр су жинақталады. Мұнымен қоса 2029 жылға дейін 14 мың шақырымнан аса ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру көзделіп отыр.

Нұрлан Алдамжаров, ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Су тасқыны кезенге дейін біздің бассейндік инспекция мынау жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ-мен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарға ревизия жүргізеді. Қазіргі таңда жалпы республика бойынша 13 мыңнан астам гидротехникалық құрылыс болса, оның ішінде 1395 тіреуіш гидротехникалық құрылыстар солар анықталған. Оның ішінде республикалық меншікте 243 нысан бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz