RU
Толық нұсқаға өту

Елорда тұрғыны «Сәтті жұлдыз» лотереясынан автокөлік ұтып алды

01.04.2025, 21:50 784

Елордалық тұрғын «Сәтті жұлдыз» лотереялық операторының ұтыс ойынына қатысып, автокөлік иесі атанды.

Жеңімпаздың айтуынша, бұл оның алғашқы қомақты ұтысы. Өткен аптаның соңында Ұлттық лотереяның ресми сайтынан небәрі 2 билет алған ол, күтпеген жерден олжалы болды. Айта кеткен жөн, "Сәтті жұлдыз" лотереялық операторы қызметін заңдық тұрғыда жүзеге асыратын елдегі жалғыз компания.

- «Ғаламтордан «Сәтті жұлдыз» ұтыс ойыны туралы жарнаманы көріп қалдым. Екі билет сатып алдым. Сосын ойын болғаннан кейін сағат кешкі 8-9 дар шамасында үйде отбасымызбен шай ішіп отырғанбыз. Бір уақытта телефонға қоңырау шалып, «Сәлеметсіз бе! Бұл «Сәтті жұлдыздан». Сіз автокөлік ұтып алдыңыз»,- деді. Мен басында сенбедім. Сосын билет номерін, телефон нөмірін бәрін айтқан соң ғана мұның рас екенін түсіндім. Сайтқа кіріп тексердім. Қуанышымда шек болмады».

Ауқымды ұтыс 49-дан 6 тиражынан түскен. Темір тұлпарға 50 мың адам дәметіп, Ермектің бәсі бәрінен жоғары болды. Алайда, ол көлікті ақшалай түрде алуды жөн көрді.

Ермек Байымбетов, Астана қаласының тұрғыны:

«Ақшалай алғанда 10 миллион теңге болады екен. Мен бұл қаражатты, алдымен әкемнің еміне жұмсағым келеді. Ол ауған соғысының ардагері, қазір қант диабетімен ауырады. Сондықтан ол кісіні шипажайға апарамын, артылған сомаға несиелерімді және басқа да қарыздарымды жабамын».

Асқар Жақыпов, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының менеджері:

«Сәтті жұлдыз» компаниясы 2016 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. «Біз автоұтыс ойынын ойнатудамыз 2020 жылдан бері және пәтер ойнатудамыз «Телебинго» ойынынан. Бүгінгі таңда ең қомақты сумма 141 миллион. Былтыр 2024 жылы Қызылорда қаласынан ұтқан болатын».

Бүгінде ел аумағында Ұлттық лотореяның 200-ден астам сауда нүктесі жұмыс істейді. Компания тапқан табыстың 10 пайызын отандық спортты дамытуға жұмсаса, 10 пайызын әлеуметтік көмек ретінде «Қазақстан халқына» қорына аударып келеді.

Назым Қайрат, Бағдат Қайыркен

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz