RU
Толық нұсқаға өту

Қанат Бозымбаев СҚО-ның су тасқынына дайындығын тексерді

02.04.2025, 16:32 620

Солтүстік Қазақстан облысында су басу қаупі жоғары 116 елді мекен бар, деп хабарлайды 24kz.

Қазір өңірдегі жағдай тұрақты бақылауда. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осы аймаққа жұмыс сапарымен барып, өңірдің тасқын кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су тораптарының, бөгеттер мен айналма каналдардың жай-күйімен танысты. Қанат Бозымбаев көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі үшін жауапты мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді. Жалпы облыста тасқынға қарсы 100-ден астам іс-шараны қамтитын жұмыс жоспары бекітілген. Нәтижесінде 60 елді мекенде су басу қаупі төмендеп отыр. Бүгінде 47 шақырым жаңа бөгет салынып, қорғаныс біліктері нығайтылды. Ал автожолдарға 108 су өткізу құбыры орнатылып, арықтар тереңдетілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz