RU
Толық нұсқаға өту

Депутаттар: Кибералаяқтықпен күресті күшейту керек

02.04.2025, 17:16 637

Елде киберқылмыспен күресті күшейту керек. Депутаттар алаяқтықтың белең алуына алаңдаулы, деп хабарлайды 24kz.

Ал ашылған қылмыс саны көңіл көншітпейді. Осы орайда Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Марат Бәшімов дроппер, яғни, алаяқ пен жапа шегуші арасындағы делдалды куәгер ретінде емес, қылмысқа қатысы бар азамат ретінде жазалауды ұсынды.

«Киберқауіп туындаған жағдайда банктер мен құқық қорғау органдары арасындағы жедел әрекетті бақылау қажет», - дейді. Алаяқтар қол салған азаматтардың есепшотын қорғай алмаған банктерге әкімшілік жауапкершілік жүктеу ұсынылды. Мәселені бір жақты етпесе, алаяқтық құрбаны болатындар көбейе беруі мүмкін. Былтыр ғана 22 мың интернет-алаяқтық жағдайы орын алып, азаматтар 45 млрд теңгеден қағылды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: «Жауапкершілік осы тізбектің барлық қатысушысына бірдей қарастырылуы керек», - деді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Президенттің бұл мәселе бойынша тиісті тапсырмасы бар. Елімізде қарсы күрес жүргізіліп жатыр, соған қарамастан киберқылмыстар әлі де толастамай тұр. Сондықтан бүгінгі күні киберкеңістікте жауапкершілікті күшейту өте маңызды. Кибершабуылдардың, әрине, шетелден келетіні белгілі. Және трансұлттық сипатта екені де түсінікті болып отыр. Бірақ бұл жерде жауапкершілік осы тізбектің барлық қатысушыларына бірдей қарастырылуы керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz