Шығыс Қазақстан облысында жол сапасы талапқа сай емес. Полиция қызметкерлері жүргізген 800-ден астам тексеріс бұл бағыттағы ахуалдың көңіл көншітпейтінін көрсетті, деп хабарлайды 24kz.
Мамандардың айтуынша, әсіресе, қаладан шығатын жолдар шұрық тесікке айналған. Кейбір учаскелерде қозғалыс мүлде қауіпті. Бұл жағдай Өскеменнің өз ішінде де байқалады – шаһар көшелеріндегі жолдар былтыр ғана жөнделсе де, қайтадан жарамсыз күйге түскен. Сондықтан жол сапасына жауапты компанияларға қатысты шара қолданылып, құрылыс нормаларын бұзғандарға жалпы 85 хаттама толтырылып, 5 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.
Рустам Магадиев, ШҚО ПД басқарма бастығының орынбасары:
- Жүргізілген зерттеулер нәтижесі мен анықталған ақауларды жою бойынша 1030 ұйғарым шығарылды.Біздің өңірдің ауа райы ерекшеліктеріне байланысты асфальт пайдалана отырып, шұңқырларды жөндеу жұмыстары 10 сәуірден бастап жоспарлануда. Қазіргі уақытта асфальт бетон зауыттарын іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Тегтер #Шығыс Қазақстан облысы #жол сапасы #тексеріс #талап #айыппұлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz