Отандық мұнай-өңдеу зауыттары авиациялық отынға деген ішкі сұранысты өтей алмай әлек. Ал авиакеросинді сатудың және баға қалыптастырудың айқын әрі ашық механизмдері жоқ.
Бұл мәселе бүгін Сенатта қаралды. Басқосуда әуежай инфрақұрылымының тозуы мен білікті кадр тапшылығы сынды мәселелер де көтерілді. Депутаттар кадр мәселесін Азаматтық авиация академиясында халықаралық сертификаттауды енгізу арқылы шешуді ұсынды. Бұдан бөлек, әуежайлардың инфрақұрылымын жаңарту және жеке инвестицияларды тартудың жаңа механизмдерін әзірлеу керектігі де айтылды.
Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Үкімет пен мемлекеттік органдардың назарын отандық әуе компанияларға қолдау көрсету арқылы саланы дамытуға аударуға шақырамын. Ол үшін бірқатар нақты шараларды қолға алу керек. Атап айтқанда, авиаотын тапшылығын төмендету, оны сатудың ашықтығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар халықаралық аэрохабтарды салу ісіне инвестициялар тарту қажет. Тағы азаматтық авиация саласын білікті кадрлармен қамтамсыз ету керек.
Тегтер #Сенат #азаматтық авиацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz