RU
Толық нұсқаға өту

Семейде мопедтер мен самокаттар жол апатына жиі себепкер болады

03.04.2025, 13:28 519

Семейде былтырдан бері мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Апат салдарынан 100 адам көз жұмып, 1600-ге жуығы жарақат алды. Осы ретте мопедтер мен электрлі самокаттардың кінәсін жоққа шығаруға болмас. Аталған көлік түрінің иелері 40-қа тарта апатқа себеп болған.

Дәмір Естай былтыр жазда мопед тізгіндеймін деп автокөлікке соғылған. Ауыр жарақат алған 19 жастағы жігіт соджан бері дәрігерлерге қаралып жүр. Оған қоса көлік жүргізушісі оның үстінен арыз жазып, қалалық сотқа жүгінген.

Дәмір Естай, қала тұрғыны:

- Кеше сот отырысы өтті. Мені кінәлі деп тапты. Енді бас прокуратурға өтінім жазып, істің қайта қаралуын талап етемін.

Сот шешіміне сәйкес, Дәмір көлік иесіне шамамен 1,5 млн теңге төлеуге міндеттелді. Жалпы былтыр жол ережесін бұзған 95 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жұлдыз Қыпшақбаева, қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

- Жауапкердің кінәсі осы көлік оқиғасында дәлелденген. Сот шешімі кеше шығарылғанымен бес жұмыс күні ішінде түпкілікті дайындалуға уақыт беріледі. Бес күннен кейін түпкілікте шешім шығарылғаннан кейін тараптар шағывмдануға құқылы. 

Қазір Абай облысында мопед пен скутерлерді тіркеп, мемлекеттік нөмір беру үшін өтінім қабылданып жатыр. Осы күнге дейін 500-ден астам мотокөлік тіркелді. Көлік құралдарына арнайы мемлекеттік нөмір беріледі.

Бауыржан Садақбаев, ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Абай облысының полиция қызметкерлері электрсамокат жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша белсенді насихат жұмыстарын атқаруда. Қазіргі уақытта Семей қаласында 16 дана «Электрсамокаттардың жүруіне тыйым салынады» жол белгісі орнатылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, күн жылыған сәттен бастап жол қозғалысына мотокөліктер көптеп қосыла бастады. Қазір Семейде жолдағы қауіпсіздікті бақылау үшін 1500-ден астам «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері жол ережесін бұзған 35 мыңнан астам адамға айыппұл салынды. 

Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz