Киіз үйде өткен іс-шараға біздің елшілік мұрындық болған.
Оған туризм саласының кәсіби мамандары қатысты. Жолнұсқаны саяхатқа арналған кітаптарды әзірлеуге маманданған жергілікті танымал баспа шығарған. Нұсқаулықта киносы, әдебиеті, сәулет өнері сияқты Қазақстан өмірінің барлық саласы туралы жалпы ақпарат бар. Ұлттық мерекелер туралы да мәлімет берілген. Жолнұсқада Қазақстан қалалары француз тілінде алғаш рет толыққанды түрде сипатталып отыр.
Эрве Керрос, автор:
"Қазақстан туристік аренада үлкен ойыншыға айналады деп ойлаймын. Өйткені қазақ елінің бұл тұрғыда мүмкіндіктері өте жоғары. Өзбекстанды алсақ, Самарқан мен Бұхара сияқты нақты бағыттар бар. Ал Қазақстанның аумағы үлкен, жер бедері мен табиғи ерекшеліктері әралуан. Сіздің елде қалалар, таулар, шөл-шөлейт, теңіз, құстар, жануарлар мен өнеркәсіптер жетіп-артылады. Яғни сан түрлі көрініске куә боласыз."
Себастьян Лаглез, Nomadistan турагенттігінің қаржы директоры:
"Бұл жолнұсқа Қазақстан туралы қасаң түсініктерді бұзады және дұрыс, шынайы түсінік қалыптастырады. Мұндай нұсқаулықтар шетелдік туристерге өте қажетті және сенімді ақпарат ұсынады. Сондай-ақ сапарларды ұйымдастыру үшін уақыт үнемдеуге көмектеседі."
Стефан Земерета, Petit Fute баспасының редакциялық директоры:
"Қазақстанға саяхат жасауға деген сұраныс өсуге тиіс. Біздің жолнұсқа осы туристік бағыт туралы бұрын білмеген адамдарды қызықтырады деп сенемін. Біздің мақсатымыз - Қазақстанды кеңінен таныту, нақты кәдеге жарайтын мәлімет беру."
Қазақстан туралы бұл жолнұсқа тек француз тілінде ғана емес, сондай-ақ испан тілінде де жарық көрді. Қазір аталған екі елдің кітап дүкендеріндегі сатылымда.
Тегтер #Париж #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz