RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында «Орталық-Батыс» күре жолының құрылысы басталады

03.04.2025, 15:00 648

Қостанай облысында "Орталық – Батыс" автожолын салу жобасы бойынша құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды.

Жаңа бағыт Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының шалғай аудандарындағы жол мәселесін шешеді. Қашықтық пен жол жүру уақыты айтарлықтай қысқармақ. Мәселен, қазіргі таңда Астанадан батыс аймақтарға дейінгі аралық "Астана -  Ырғыз"  бағыты бойынша 1438 шақырымды құрайды. Ал Жантеке, Егіндікөл, Арқалық және Торғай арқылы өтетін жаңа жол осы аралықты 865 шақырымға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Көлік желісі 70 мың тұрғыны бар 13 елді мекенді қамтиды. Жол ені 8 метр болатын 2 жолақтан тұрады. Қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3 мың автокөлік. Жалпы, автожол жобасын іске асыру әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсерін тигізеді.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Бұл көліктік логистика жағынан маңыздылығы. Екінші маңыздылығы өңірдің жаңа экономикалық серпінде көтеруге жаңаша қарқын беру мәселесі. Жол маңайындағы арнайы ауыр жүк тасымалдаушы жүргізушілерге арнайы нысандар солардың дамуы. Екіншісі жаңа біз талқыладық туризмді дамыту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz