RU
Толық нұсқаға өту

Таразда көне қамал құлап жатыр

03.04.2025, 20:20 791

Таразда ХІ-ХІІІ ғасырларда салынған «Төрткүл» керуен сарайының қабырғасы құлап жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Тарихи нысан аумағына 16 жыл бұрын қазба жұмыстары жүргізілген. Сөйтіп, аспан асты мұражайы ретінде ашылды. Бірақ қазір кешен 90%-ке тозып тұр.

Мемлекет қорғауындағы жәдігердің кіршіптері үгітіліп, шатыры тесілген. Электр желілері де үзіліп, QR-коды қирап жатыр. Салдарынан кейінгі 2-3 жылда қорғанға келушілер саны азайды. Соңғы уақытта есігіне қара құлып салынып, мүлде жабылып қалды. Ал құрылыс бөлімі нысанды өз балансына алып, биыл қайта жаңғыртпақ. Оған бюджеттен 500 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Дамир Жаманбаев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қабырғалары саман кірпіштен қаланған болатын бұрынғы тәсілмен және сырты қыш кірпішпен қапталған болатын. Қазіргі таңда біз барлығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз және де кіреберіс қақпаның жанында үлкен автотұрақ жоспарлаймыз. Қойылымдар жасайтын сахна болады. Киіз үй, шатырлар және де сауда орталығы сияқты көрме өткізетін орындар болады. Соны қарастырып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz