Бас-аяғы бір жарым жылдың ішінде Қостанайда елімізде теңдесі жоқ жаңа автозауыт бой көтерді, деп хабарлайды 24KZ. Зауыттың негізгі өндірістік бөлігі салынып болды. Қазіргі кезде ішкі инженерлік жүйесін қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар технологиялық құрал-жабдықтарды орнатып, монтаждауға да кіріскен. Алдағы шілде айында конвейерден алғашқы көлікті шығару жоспарланып отыр. Ал зауыт толық қуатына көшкенде. 1500 жұмыс орны ашылып, жылына 70 мың машина шығарылмақ. Қазіргі кезде мамандарды оқытып, дайындау жұмыстары қолға алынған. Құрылыс орнына келген КІА компаниясының өкілдері мен облыс басшылығы осындағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Роман Глущенко, «KIA Qazaqstan» ЖШС басқарушы директоры:
- Қазір біз дәнекерлеу цехында тұрмыз. Мұнда құрал-жабдықтардың 80%-і орнатылған. 40 робот қойылды. Мамандар оны реттеп, технологиялық жүйеге келтірумен айналысып жатыр. Ал бояу цехында құрал-жабдықтардың 95%-і құрастырылып жиналған. Ол жерде қазіргі кезде электр кабелін тартып, жабдықтарды қосу жұмыстары қалып тұр.
Тегтер #Қостанай #автозауыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz