RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда жауынгерлік флот шеруі өтті

03.04.2025, 22:00 653

Биыл Қазақстанның қорғаныс саласындағы маңызды құрылымдардың бірі Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 32 жыл толып отыр, деп хабарлайды 24KZ. Осыған орай Ақтаудағы әскери су айлағында жауынгерлік флоттың қатысуымен салтанатты шеру ұйымдастырылды. Ашық теңізде өткен мерекелік шара барысында теңізшілер шартты қарсыластың кемесін басып алған қарулы топты залалсыздандыру, су айдынын минадан тазарту сияқты жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Арнамыздың түсіру тобы да бұл ауқымды шараны назардан тыс қалдырмай, теңіз үстіндегі жауынгерлік көріністердің куәсі болды.

Жауынгерлік флоттың жеке құрамы таңсәріден сапқа тұрды. Әскери су айлағында елдің көк байрағы және әскери теңіз күштерінің туы салтанатты түрде көтерілді. Іле-шала база командирі теңізге шығуы бұйрық берді. «Алатау» минажинағыш кемесі бастаған әскери су көліктері ашық айдынға бағыт алды.

Жаттығу жоспарына сәйкес теңізде геологиялық барлау жұмысын атқарып жүрген су көлігін қарулы топ кепілге алды. Хабарлама түскен бойда әскери теңізшілер әлгі аумаққа жедел аттанды. Теңіз десанты қарсыласты есеңгірету мақсатында кеме бортына түтін шашқыш шашка лақтырып, қару кезеген қасқөйлердің көзін жойды.

Жәнібек Саликбаев, арнайы мақсаттағы рота командирі:

- Арнайы мақсаттағы суасты диверсиясы күштері құралдарымен күрес және суастын минадан залалсыздандыру ротасының жеке құрамының іс-қимылы кепілден босату және де жүргізу рубкасына, машиналық бөлімге барып, кемені тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату болды.

Келесі тапсырма әскери флот қозғалатын бағытты миналардан тазарту болды. «Алатау» минатартқыш кемесінің экипажы суға арнайы роботты түсіріп, өз міндетіне кірісті. Жауынгерлік су көлігінің қозғалтқыштан басқа бөлігі тұтас шыныпластикадан жасалған. Бұл корпусқа магнитті миналардың жабысуын болдырмайды.

Тағайбек Сейітхан, «Алатау» минажинағыш кемесінің командирі:

- Бізде 3 суасты аппараты бар минаға қарсы күресетін. Онымен қосымша сүңгуірлерге арналған кешеніміз бар. Оларды түсуге қамтамасыз ететін және де 2 тралымыз бар қару-жарақтан. Экипаждың саны 20, автономды бес тәуліктік кеме. Жүру ұзақтығы 800 мильден асады.

Есенғали Байботаев, ҚР ҚМ ӘТК әскери теңіз базасының командирі:

- Әскери теңіз базасының жеке құрамында 1 мыңнан астам адам бар. Экипаждарға жыл сайын жас матростар қосылады. Оларды әскери теңізші өміріне АҚШ, оңтүстік Корея, ТМД елдерінің жетекші әскери оқу орындарында оқыған бітірген тәжірибелі офицерлер баулиды. Флотты су сыйымдылығы қазір қолданыстағы кемелерден әлдеқайда жоғары су көліктерімен толықтыру жоспарланған.

Елдің әскери теңіз флотында 20-дан астам әртүрлі мақсаттағы кеме бар. Барлығы дерлік отандық зауытта құрастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, қазақ теңізшілері Каспий маңы мемлекеттері теңіз күштері өткізетін жаттығулардан қалыс қалған емес. Биыл олар әзербайжандық әріптестерімен бірлескен ауқымды шараға қатысады. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz