RU
Толық нұсқаға өту

Сот саласындағы реформалар жемісін берді

03.04.2025, 23:15 652

Жыл басынан бері бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдердің 99%-ға жуығы заңды деп танылды, деп хабарлайды 24KZ. Ал азаматтық істер бойынша соттарға жүгіну көрсеткіші өскен. Жоғарғы сот төрағасы мұны кейінгі 5 жылдағы ең үздік нәтиже деді.

Елордада өткен дөңгелек үстелде Асламбек Мерғалиев сот реформалары жүйеге оң ықпал еткенін жеткізді. Жұмыс жалғаса береді. Мәселен, 1 шілдеде кассациялық соттар іске қосылады. Ал бірінші наурызда эксаумақтық соттылық институты енгізілген еді. «Мұның бәрі азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға сеп болды», – дейді мамандар.

Нұрсерік Шәріпов, ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Шілде айының бірінен бастап кассациялық соттар іске қосылады. Жалпы өндіріске байланысты қылмыстық, азаматтық әкімшілік болсын біркелкі ереже, біркелкі тәртіп енгізіліп отыр. Тұтас кассация болады. Алдын ала қарау институты қылмыстық істермен болсын, азаматтық істермен болсын алынып тастайды. Азаматтардың өтініштері бірден кассациялық сотқа түсіп, кассациялық сотта тараптарды шақырумен алқалы құрамда қаралып, тиісті бағасы беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz