Семейлік полицейлер қорғансыз күшіктерді құтқарды, деп хабарлайды 24kz.
Кішкентай төртаяқтылар жол бойына шығып кетіп, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Кейін көпірдің қуысына тығылып қалған.
Жайсыз жағдайды көрген қоғамдық қор өкілдері құзырлы органға хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция қызметкері Болат Қожабатчин күшіктерді көпір астынан аман-есен алып шықты. Тағы бір еске сала кетейік, бүгін – бүкіл әлемде Қамқорсыз жануарларды қорғау күні.
Тегтер #Семей #полицейлер #көпірPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz