5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралына теңестіріледі.
Бұл туралы бүгін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, енді мопедті тізгіндеу үшін А, А1 немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі қажет. Сонымен қатар бұрын мопед жүргізуші жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жол қозғалысына өзге де қатысушылар ретінде жауапкершілікке тартылатын. Енді олар басқа көлік иелері сияқты жазаланады. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін елемегені үшін мопед жүргізушісіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
- Әкімшішлік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша нормалар қабылданғаннан кейін мопед жүргізушісі алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін жауапты болады және санкция 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.
Тегтер #мопед #механизм #көлік #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz