Биыл Жеңіске 80 жыл толады.
Айтулы датаға орай мамыр айында елордада ауқымды әскери шеру өтеді. Салтанатты шарада 4 мыңнан астам жауынгер сап түзейді. Жұртшылық назарына 400-ге жуық әскери техника ұсынылады. Сонымен қатар әуе шоуы да жоспарланған. Қазір шеруге қатысатын жауынгерлер қызу дайындық үстінде. Ауқымды әскери шеруге дайындық барысымен түсірілім тобымыз танысып қайтты.
Риат Шони, тілші:
- Аты аңызға айналған Т-34 танкі. Әскери парад кезінде бұл әскери техникалардың коллоннасын бастап шығатын болады. Айта кету керек, бұл танк сұрапыл соғыс жылдары Курск доғасына қатысып, жаудың Тигр, Пантера сынды мықты танктерін тас-талқан еткен болатын.
Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру мамыр айында Астанадағы "Қазақ елі" монументі алдында өтеді. Салтанатты шараға қатысатын жауынгерлер бұл күнге сақадай сай дайын.
Салтанатты шеруде 4 мыңнан астам жауынгер сап түзейді. Әскерилер қатарында Әлия мен Мәншүк, Хиуаздардың ізін басқан 200-ге жуық нәзік жанды арулар да бар.
Қазақтың қыздары ежелден қайсар. Бұрымдылар тарихи есептік топ құрамында соғыс жылдарындағы әскери киімді киіп, сол заманның қару-жарағын қолдарына алып, алаңға шығатын болады.
Айдана Айтқұлова, №81067 әскери бөлімінің қызметкері:
- 30 қыздан тұратын шеруде ең алғашқылардың бірі болып өтетіндер біз. Алдыңғы шепте винтовка дейді. Әлия апамыздың ізін жалғаушы қыз-келіншектер және екінші шепте медиктер деп айтамыз, ал үшінші шепте Мәншүк апамыздың пулеметін қолға алып шеруді бастап жүретін боламыз.
Күнделікті дайындық 7 сағатқа дейін созылады. Жауынгерлер күн демей, түн демей өздерінің саптық жүрістерін пысықтап, темірдей тәртіпті көрсетуде.
Тілек Серікбаев, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары:
- 27 есептік топқа дейін болады. Оның ішінде құрлық әскерлері, әуе қорғанысы, ІІМ, ұланшылар және де басқа да құрылымдар қатысады. Алғаш рет қатысып жатқан – ол аумақ әскерлері және бітімгершілік операция әскерлері. Арнайы операциялар күштері де қатысады. Оны ерекше атап өту керек.
Салтанатты шеру кезінде сауытты көліктер де жұртшылықтың назарына ұсынылады"Қазақ елі" монументі алдында 400-ге жуық әскери техника жүріп өтеді. Арасында Ұлы Жеңісті жақындатуға ат салысқан көліктер де бар.
Риат Шони
Тегтер #әскери #шеру #әскери парад #дайындық #24KZ #Жеңіс күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz