Алматы халықаралық әуежайы Наурыз мейрамын ұжым болып атап өтті.
Мерекелік думанға Түрксіб ауданының тұрғындары да қатысты. Шетелдік туристерге қазақ халқының дәстүрі, тағамдары, өнері мен мәдениеті таныстырылды. Күні бойы шеберлік сабақтары өтіп, қонақтар қазақша ет асуды, бауырсақ, наурыз көже сияқты ұлттық тағамдарды әзірлеуді үйренді. Тоқыма тоқу, кестелеу, ағаш ою сияқты шеберлік дәрістері өтті. Ұлттық киімдер мен әшекей көрмесі ұйымдастырылды.
Данияр Алтыбаев, Алматы халықаралық әуежайы кәсіподақ ұйымының төрағасы:
«Осы наурыз тойына осы табыс, жетістікпен келіп отырмыз. Ұжымның табыстары да жақсы. Халық көңіл-күйі де жақсы. Менің ойымша, Наурыз тойын осылай тойлап отырсақ меніңше жаман болмайды».
Тегтер #Алматы #әуежай #Наурыз мейрамы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz