RU
Толық нұсқаға өту

«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері студенттерге шеберлік сабағын өткізіп жатыр

05.04.2025, 00:01 741

Еуразия Ұлттық унивеситетінің студенттері бүгін ұйып дәріс тыңдап отыр.

Себебі оларға сабақ беруге кәсіби тележүргізуші келді. Сағат сайын тікелей эфирде жаңалықтар тізгіндейтін маман пайдалы кеңестерін айтып, өз тәжірибесіндегі қызықты жайттарды баяндады. Оның әр сөзін мұқият тыңдаған студенттер сұрақ қойып, өзара диалог өрбіді.

Әлия Шермағамбет, "24 KZ" арнасының  жүргізушісі:

- Журналист болу екі адамның бірінің қолынан келмейді. Сол себептен егер сенің бойыңда сол қасиет сәл де болса бар болса ары қарай оны дамыту керек.

Дәл осындай дәріс Мақсұт Нәрікбаев университетінде де өтті. Бұл жолы студенттер тәжірибелі тележүргізуші Динара Садудың шеберлік сабағына қатысты. Онда жастар тыныс алу техникасы, дикицияны түзетуге арналған жаттығулар жасады.

Ақерке Бөлемесова, Maqsut Narikbayev University студенті:

- Журналист болғандықтан бізге көп дағдыны меңгеру керек. Көп жерде жүру керек, көп нәрсені білу керек. Сондықтан біз үшін өте пайдалы дағдылар, өте пайдалы жаттығулар көп айтылды.

Қаламқас Әджіқұл, Maqsut Narikbayev University студенті:

- Осы бір жарым сағаттың ішінде көп нәрсе үйрендік. Ішінде күлкілі де сәттер болды. Ол жерде жаттығу жасау, тіпті осындай тыныс алудың өзіне көп мән, көп мағына беру керегін түсіндік.

Сонымен қатар, оқу барысында студенттер жаңалықтарды дайындау, фактчекинг, дағдарыстық жағдайлардағы ақпараттандыру, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу және жеке бренд қалыптастыру бойынша да білім алды.

Динара Саду, "24 KZ" арнасының  жүргізушісі:

- Бұл керемет бастама. Бізге университетке келіп білгенімізді үйрету мүмкіндігі беріліп отыр. Өз кезегінде студенттерге де пайдалы болады деп ойлаймын. Себебі телеарнадағы жұмыстың қалай болатынын соның ішінде жүрген мамандардан үйренудің жөні бөлек. Студенттер өзін қызықтырған сұрақтарын да қоя алады. Бүгін ондай сауал көп болды.

Бұл жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және Maqsut Narikbayev University сияқты елдің ірі университеттерінде жалғасады. Үздік студенттер "Хабар" Агенттігінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Серік Селеубайұлы, Ғалымжан Әбілахат

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz