RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда туристік-ақпараттық орталық ашылды

05.04.2025, 00:17 733

Бұдан былай Қарағандыға саяхаттап барғандар көрікті жерлер, демалыс орындары мен туроператорлардың қызметі туралы ақпаратты бір жерден алады.

Кеншілер шаһарында туристік-ақпараттық орталық ашылды. Мұнда жаңа бағыттар, қалалық және облыстық экскурсиялар, тарихи, көрікті жерлерге апаратын экспедициялар шоғырланады. Орталықтың басты ерекшелігі – 170 тілде сөйлейтін жасанды интеллект негізінде құрылған виртуалды кеңесші. Чат-бот маршрутты таңдауға көмектесіп, көрікті жерлер туралы кең мағлұмат береді.

Бақтияр Бекмұрзаев, туристік-ақпараттық орталығының директоры:  

- Жалпы кез келген бағытты, жұмысты бастамас бұрын мен өзім, өзім үшін аналитикалық жұмыстар өткіздім. Бұл саланың бірінші кезекте мәселелеріне, проблемаларына тоқталып кетсем деп едім. Бірінші кезекте мына инфрақұрылымдық мәселелер. Біз енді жеке өзіміз бұл мәселені шеше алмаймыз. Біз барлық құзырлы органдармен, мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста болуымыз керек. Мысалы, үшін бірінші кезекте жолдар. Екінші бір үлкен мәселе бұл салада бәсекелестіктің аз болуы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz