Астанада «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» атты кездесу өтті, деп хабарлайды 24kz.
Келелі кеңеске 400-ден астам адам қатысып, қолдауды қажет ететін жасөспірімдерді оңалтудың, қоғамға бейімдеудің тетіктері талқыланды. Жиын үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Айтайық, елде 15 мыңнан астам аутизмі бар бала тіркелген. Оның 7 мыңы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер. Ал бейресми деректерде тағдырлы тұлғалардың саны 35 мыңнан асатыны айтылады.
Самал Әлбілекова, ұйымдастырушы:
- Аutism Talks шарасы, бұл – ата-аналар мен мамандар пікір алмасып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісетін орын. Биылғы жылғы шараның ерекшелігі – аутизмі бар ересектің, жасөспірімнің өз тарапынан айтылуы. Сондықтан да биылғы слоган: «Біз туралы өзіміз айтамыз». Яғни, біздегі спикерлер колледж, мектепте қалай болғанын, оқығанын, колледжде қалай оқығанын сол туралы айтады.
Тегтер #Астана #аутизм #ерекше балалар #ата аналар #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz