Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында «Байтақ» партиясының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды 24kz.
Мерекеге партияның аймақтық басшылары, белсенді мүшелері жиналды.Наурыз – бірлік пен татулықтың, ырыс пен берекекенің мерекесі. Оған Моңғолия мен Қырғызстанның Жасылдар партиясы және Өзбекстанның экологиялық партия өкілдері құрметті қонақ болып қатысты. Іс-шарада партияның мемлекеттік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында атқарған жұмыс нәтижелері айтылды. Сондай ақ қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрі, қолөнері және ұлттық ойындары насихатталады.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- Наурыз – ол жаңарудың, өсудің белгісі. Ал ол біздің партиямыздың идеологиясына үндес. Яғни, осы Наурыз мерекесі біздің негізгі идеологиялық мерекеміз саналады. Сондықтан біз саяси бағдарлама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен Наурыз мерекесін бірлестіріп, халыққа жеткізу мүмкіндігін алып отырмыз.
Тегтер #Алматы #Наурыз мерекесі #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz