RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақыланады

06.04.2025, 19:12 515

Төтенше жағдайлар министрі Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды тексерді, деп хабарлайды 24KZ. Шыңғыс Әрінов өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановпен су басу ықтималдығы бар елді мекендерге аэровизуалды барлау жүргізді. Атап айтқанда, Марқакөл, Глубокое және Шемонаиха аудандары басты назарға алынды.

Облыстың 70%-ін әлі қар басып жатыр. Өзендерде мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz