RU
Толық нұсқаға өту

ҚР АШМ: Биыл егін саласын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінді

07.04.2025, 11:23 546

Бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі екі есе артады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында осыны тапсырды, деп хабарлайды 24kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, басты міндеттерді айқындады. Бүгінде Үкімет ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуға көңіл бөліп жатыр. Мәселен, мал бордақылау алаңдары үшін қолдау құралдары әзірленеді. Шаруалар инвестициялар туралы келісім, инженерлік инфрақұрылым салу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған газбен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын айтты. Премьер-министр қазірдің өзінде аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. «Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 млрд теңге табу оңай емес, алайда, біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың осы түрін одан әрі арттыра береміз», - деді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров та саладағы жетістіктерді тізіп берді.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Былтыр егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін және несиелеуді мерзімінен бұрын іске қосу арқылы биыл рекордтық 700 млрд теңгеге дейін артты. Алғаш рет көктемгі дала жұмыстарында қарыз сомасының 85%-іне дейін кепілдендірудің арнайы бағдарламасы енгізілді. Бір жыл ішінде қаржыландыру көлемін 80 млрд теңгеге ұлғайту арқылы 5%-пен 200 млрд теңгеге дейін жеткізу ауыл шаруашылығы техникасы лизингінің қолжетімділігі артты. Ал қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыру үшін несие беру өткен жылдан басталды. Несиелеу көлемі 35 млрд теңгені құрайды. Биыл бұл мақсаттарға 48 млрд теңге бөлу міндеті тұр. Айналым мақсаттары үшін жеңілдікті несиелер қайта өңдеуді жүктеуге мүмкіндік береді.

 

АӨК: Әлеуметтік және инновациялық жобалар көп

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде баспана мәселесі өзекті. Осы орайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығы Солтүстік Қазақстандағы ауылдарда жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба іске асып жатқанын жеткізді. Келешекте бұл тәжірибе бүкіл республикаға тарайды. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін экономиканың технологиялық және инновациялық секторына айналдыру жолға қойылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz