RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің бау-бақша саласында шетелдік тәжірибе қолданылады

07.04.2025, 13:33 626

Елімізде бау-бақша саласының жұмысшылары шетелдік мамандардан тәжірибе үйрене бастайды, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, бізге Болгария университетінен, Америка Құрама Штаттарының Корнелия университетінен мамандар шақыртылып, жұмысшыларымыздың біліктілігін жоғарылатуға көмектеседі. Осылайша, елде бау-бақша өсірумен айналысатын мамандар санын арттыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта бұл жұмысшылар маусым сайын ғана емес, жыл бойы жұмыс істейді. Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған жұмысшы мамандықтары жылына орай осы салаға салынатын инвестиция көлемі артады. «Есесіне, өнімділікті екі есе арттыруға мүмкіндік туады», - дейді мамандар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz