RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде қазына қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты

07.04.2025, 19:30 592

Ақтөбеде «қазына қаражатын жымқырды» деп, күдікке ілінген екі адамға қатысты сот үкімі шықты.

Қалалық жол қозғалысы қауіпсіздігі және цифрлық технология орталығының директоры мен мердігерге «жол белгілерін салуға бөлінген қаражатты ұрлады» деген айып тағылды. Қылмыстық істе коммуналдық мекеме басшысының «жасалмаған жұмысты атқарылды» деп қол қойғаны көрсетілген. Соның салдарынан мемлекетке 272 млн теңге шығын келтірілгені анықталды. Сот отырысында күдіктілер кінәсін мойындамады және үкіммен де келіспеді. 

Сандуғаш Ізбағамбетова, Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы:

 -Тілмағамбетов ҚР ҚК 189 бабы 4-ші бөлігінің 2 тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ал Кусумов ҚР ҚК 28 бабы 5 тармағы және 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, 7 жылға бас бостандыығынан айырылсын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz