«Хабар» Агенттігінің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде болашақ журналистерге агенттік қызметкерлерінің шеберлік сағаты жалғасын тапты.
Бұл жолы 24KZ арнасының тележүргізушісі Азамат Әбілқайыр дәріс оқыды. Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің халықаралық журналистика мектебінің 1 және 2-курс студенттері бұқаралық ақпарат құралдар саласының қыр-сыры туралы пайдалы ақпарат алды. Тәжірибелі маман ораторлық өнер бойынша да тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар көкейдегі сауалдарына тұщымды жауап алды.
Ділназ Қордабай, М. нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің 1-курс студенті:
- Журналистке керекті басты қасиеттерді бөлісе алды деп ойлаймын. Себебі ең бірінші аудиториямен жұмыс жасау, импровизация құдыреті және таза дауыс пен тұнық дикцияның маңыздылығын қазіргі лекцияда бізге айтып берген болатын. Сондықтан лекцияны ұйымдастырған барлық ұйымдастырушыларға, университет ұжымына алғысымыз шексіз.
Азамат Әбілқайыр, 24KZ арнасының тележүргізушісі:
- Жалпы ChatGPT дамысын, жасанды интеллект, мейлі ол қандай технология дами берсін, бәрібіз біздің алдымыздан таза сөйлеу, тұнық дикция немесе аудитория алдында ойыңды еркін жеткізу деген секілді қабілеттер ол ешқашан тоқтамайды. Мәселен, инстаграм пайда болды бәрі рилс түсіріп жатыр. Ендеше рилске дұрыс сөйлеу керек. ChatGPT пайда болды, оған дұрыс сұрақ қою керек.
Тегтер #Хабар агенттігі #шеберлік сағатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz