RU
Толық нұсқаға өту

Елде үш млн бала жазғы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.04.2025, 12:00 635

Жазғы демалыс кезінде елдегі 3 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады, деп хабарлайды 24KZ. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізеді.

Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Демалыс бағдарламасы түрлі бағыттарды қамтиды: еңбек және шығармашылық белсенділік, туристік және танымдық маршруттар, зияткерлік әрі білім беру іс-шаралары, халықаралық жобалар мен форумдарға қатысу. Биыл елде жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь,  сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерлері кезең-кезеңімен ашылады. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz