Шығыс Қазақстанда туризм саласында бөлінген 500 милллион теңге субсидия тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді.
Қолданыстағы нысандар бойынша кәсіпкерлердің шығыны мемлекеттік субсидия есебінен өтелген. Яғни бизнес өкілдері бұрын пайдалануға берілген ғимараттар үшін қаржы алған. «Бұл заңға қайшы», – дейді Антикор өкілдері. Туристік орындарды қайта жаңғыртуға бағытталған субсидия тек 2022 жылдан бері бөліне бастаған еді. Сонымен қатар өңірдегі туроператорлар қызметінен де шикілік шықты. Олардың біразы лицензия алу кезінде деректерді жасырып, көзбояушылыққа жол берген.
Денис Шакенов, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы:
- Туроператорлар бойынша жалған мәліметтер тіркелген келісімшарттар анықталды. Сондай-ақ лицензия алу барысында заңбұзушылықтарды байқадық. Осы деректерге сүйене отырып, тиісті мемлекеттік ұйымдарға ұйғарымдар мен ұсыныстар жібердік.
Тегтер #ШҚО #сыбайлас жемқорлық #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz