RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

08.04.2025, 14:30 751

Ұлытау облысында есірткіге қарсы күрес бағытында жаңа құрылым – нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады, деп хабарлайды 24KZ. Оның құрамына құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар белгілі журналистер, танымал спортшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері де енді.

Кеңестің басты мақсаты – өңірде нашақорлық пен есірткіге байланысты қылмыстардың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Кеңес мүшелері алдағы уақытта тұрғындар арасында түрлі форматтағы ақпараттық-насихаттық шаралар ұйымдастырып, қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға күш салмақ.

Ерлан Оспанов, ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Кеңестің негізгі мақсаты – облысымыз бойынша есірткі проблемаларының алдын алу, онымен күресу. Бүгінгі күнде облысымыз бойынша 33 қылмыстық іс тіркелді. Бір ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Бүгінгі күні біз облыс бойынша 150 профилактикалық іс-шара өткіздік. Оның 81-і акция және лекциялар. Оған 17 мыңнан аса жастар қатысты. Колледж, мектеп оқушылары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz