RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік күзет қызметінің 300-ге жуық жауынгері запасқа шығарылды

08.04.2025, 15:30 558

Бүгін Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты «Айбын» президенттік полкінің 300-ге жуық сарбазы запасқа шығарылды, деп хабарлайды 24KZ. Олар салтанатты рәсімде жауынгерлік тумен қоштасып, командирлеріне лайықты құрмет көрсетті.

Жиында 41 жауынгерге университетте тегін оқуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттар да табысталды. Арасында әскери жоғары оқу орындарына түскендер бар.

Жайхан Әуелбай, қатардағы жауынгер:

- «Айбын» президенттік полкі менің өмірімде жаңа есіктерді ашып берді. Көптеген мүмкіндік берді. Оның бірі Гумилев атындағы Еуразия университетіне грант иегері болып отырмын. Өте қуаныштымын. Келісімшарт бойынша әскери қызметші болу ойда бар. МКҚ-де әскери қызметші болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл үлкен мүмкіндік.

Құрмет Есенбаев, ҚР МКҚ қызметкері:

- Осы уақытқа дейін МКҚ-нің 116 сарбазы сертификатқа ие болды. Олар арнайы емтихандап тапсырып, әскери дайындықтарын жоғары деңгейде көрсеткен солдаттар. Біз осы жұмысты барлық күштік құрылымдары бірігіп, жүргізіп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz