RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында 2000-нан аса мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған

08.04.2025, 19:15 542

Әсіресе, инватакси қызметінде заңбұзушылық көп, деп хабарлайды 24kz.

Мүгедектігі барларға арналған қызметтің бұл түрі заң бойынша үзіліссіз, демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуі тиіс. Бірақ Жамбыл ауданындағы мердігердің күніне 8 сағат қана қызмет көрсеткені анықталды. Сол үшін бюджеттен 7,5 миллион теңге алған. Тексеріс нәтижесінде 2024-жылы да жауапты бөлімнің осындай заңсыздыққа жол берілгені әшкереленді.

Арманжан Әбдібеков, Жамбыл ауданы прокуратурасының аға прокуроры:

- Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сатып алу саласына жауапты маманы сөгіс түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде инватаксидің жұмыс кестесі заңнамаға сәйкестендірілді. Яғни, қазіргі таңда инватакси қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 24/7, яғни, демалыс күндері, мереке күндері және тәулік бойы қызмет атқаратын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz