Үкімет отырысында инклюзивті туризм курорттарын дамыту да ұсынылды, деп хабарлайды 24kz.
Pioneer отбасылық курортының басшысы Мұрат Қаратай өз тәжірибесімен бөлісті. Ол 2015 жылы демалыс орталығын Алматы қаласында Қазақстанның ең көне тау шаңғысы беткейлерінің бірінің базасында құрған. Кәсіпкердің сөзінше, егер мемлекет базалық тау инфрақұрылымын қамтамасыз етсе, Альпі елдерінде ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық бизнес-кейстер біздің елде де болады. Оған Қазақстанның тұмса табиғаты мүмкіндік береді. Алайда тауға шығу барлық балалар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз болуы керек. Үкімет басшысы бұл мәселеге міндетті түрде қолдау көрсететінін атап өтіп, тиісті тапсырма берді.
Тегтер #инклюзивті туризм #Үкімет отырысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz