RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да туристік портал іске қосылды

08.04.2025, 20:06 547

Солтүстік Қазақстан облысында туристік портал іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.

Онда жергілікті тарихи-мәдени және демалыс орындары туралы толық ақпарат бар. Сонымен қатар ғаламтор пайдаланушылары «Киелі жерлер» картасына кіріп, мәлімет ала алады. Интернет сайтына әр нысанның жолбағдары да енгізілген. Өңірдегі Шалқар-Имантау курорттық аймағында 50-ге жуық демалыс орны жұмыс істейді. Былтыр оларда 60 мыңнан аса адам тынығып кеткен. Бұдан бөлек, Айыртау ауданында Қарасай мен Ағынтай батырларының ескерткіші, Шоқан Уәлиханов мұражайы мен оның әжесі Айғанымның үй-жайы орналасқан.

Қанат Шамсутдинов, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Былтыр облыстық әкімдік пен «Көкшетау» ұлттық паркі арасында келісім жасалды. Ол бойынша 4 жол бағыты жөнделді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Сонымен қатар электр желілерін қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz