Қарағандылық полицейлер қаңтар айынан бері 284 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды 24kz.
Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай көп. Былтыр осы уақыт аралығында 243 келі ескірткі заттары табылған. Өңірде қазір жасөспірімдер арасында қауіпті синтетикалық заттар әлеуметтік желі арқылы таратылып жатыр. Тәртіп сақшылары қауіпсіздік шарасын күшейтті. Олар білім ошақтарында оқушыларға профилактикалық дәріс оқып жүр. Ал кинологтар қызметтік иттердің психотропты заттарды қалай табатынын көрсетеді.
Бақытгүл Қалекина, мектеп директоры:
- Бұл қазіргі таңда оқушыларға өте қажетті нәрсе. Өйткені қоғамда түрлі жағдайлар болып жатқаны белгілі. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар өз құқығын білу керек. Кез-келген қоғамда болып жатқан оқиғаларға дайын болу керек. Қоғамда болып жатқан дүниелерге алданып, арбанып қалмау керек. Соған байланысты оқушыларға түрлі видеороликтер көрсетілді.
Тегтер #Қарағанды #полиция #есірткіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz